Еуропада тұратын қазақтар Құрылтайының қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз және сіздерге мазмұнды жүздесулер, рухани бірлік пен шығармашылық табыс тілейміз.

Сіздердің Құрылтайларыңыз Парижде ерекше кезеңде — Кристиан Диордың музасы болған аңыз тұлға Алла Елшіннің жүз жылдығында өтіп отыр. Алла әйел сұлулығын асқақтатып, жоғары сән тарихындағы тұңғыш азиялық модель ретінде тарихта қалды.

Ол Франция жерінде мәңгілік тыныс тапқанымен, рухани Отаны — Қазақстан.

Біз бұл сәйкестікте Алланың аруағының ерекше қолдауы бар деп сенеміз. Алла Елшіннің ғасырлық мерейтойы тұсында қазақ Құрылтайының дәл Парижде өтуі — тағылымды әрі мағыналы белгі.

Құрылтай қатысушыларын Алла Елшіннің қабіріне барып, гүл қоюға шақырамыз. Оның аруағы игі бастамаларыңызға қуат беріп, бірлік пен ізгілік жолындағы ойларыңызды қолдайды деп сенеміз.

Аллаға жасаған жақсылықтарың Алладан қайтады.

📍 Мекенжайы:

Cimetière d’Ivry-sur-Seine

44 Avenue de Verdun, 94200 Ivry-sur-Seine, France.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.